Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары - страница 18

^ ХОР ¦ЖЫМЫНДАЃЫ ОЌУ-ТЄРБИЕ Ж¦МЫСЫ

Қ±рсабаев А.Ќ.,- І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік

университеті, МПФ, ән және музыка кафедрасының аға оқытушысы, Ќыдырбай±лы Ќ.Ќ.,µнертанушы, Талдыќорѓан


Хормен ән салу – музыка өнерінің маңызды бір саласы. Ол басқа да өнер тәрізді адамның жан толқынысын, көңіл-күйін, эмоциональді-психологиялық қалыпының (кейпінің) сан қилы нақыш-қырларын жеткізе отырып, хор әншілерінің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру тәлім-тәрбиелік қызмет атқарады.

Хормен ән салудың ұжымдық табиғатын атап көрсете отырып, біздер оның тәлім-тәрбиелік ықпал етуші факторларын есте ұстағанымыз жөн. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтар болсақ: «Хормен ән салу кереметтей пәрменді педагогикалық құрал. Әнде, әсіресе хормен әндетуде адамды жандандыратын, көңіл ашатын ғана емес, әншілерді жылы-шырайлы татулыққа, ынтымақты іске жұмылдыратын жұмыла еңбекке бастайтын қасиет бар [1, 32].

Музыкалық педагогика саласында О.А.Апраксина, Ю.Б.Алиев, А.Б.Пономарев, Б.Рагина, Г.Струве, В.Соколов, Т.Овчинникова, Д.Огороднов және белгілі педагог-әншілер, хормейстрлер хор әншілерін әнді әдемі сала білу, олардың музыкалық және вокальді есту қабілетін, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту бойынша құнды пікірлер айтқан.

Осы жөнінде Н.Л.Грозденская: «Ән салуға үйрете отырып, біздер тек әнді орындау сапасына ғана емес, әншілердің талғампаздығына ықпал ететін әнді орындау сапасына да көңіл бөлеміз»,- деп атап көрсеткен болатын. [2, 101].

Бұл өз кезегінде хормен қиын ән салудың аса күрделі педагогикалық ырыс екендігіне көз жеткізеді.

Хор ұжымының мақсат-міндеттерін, құрылу принциптерін, хормен жұмыстың оқу-тәрбие процесі ретіндегі заңдылықтарын, музыкалық шығармаларды үйрету, орындау ерекшеліктерін зерделеу – студенттерді хор ұжымында тәрбиелеудің келесі кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді:

Хормен ән салу техникасының жетілуі - әр студенттің әншілік мәдениетіне, сондай-ақ хор ұжымының барлық мүшелерінің вокальді-хор дағдыларының қажетті деңгейде дамуымен анықталады. Хормен ән салу техникасының ерекшеліктерін түсіну, оның мазмұнында нақтылы бір ішкі байланыстағы сатылы немесе бір мезгілде жүзеге асырылатын көп аспектілі вокальді-хор дағдыларын қалыптастыру және тәлім-тәрбиелік жұмыстардың жүзеге асырылып отырғандығын байқатады.

Сондықтан, музыкалық шығарманы орындауға даярлық жұмыстары арнайы белгіленген жоспар арқылы жүзеге асырылғанда ғана жағымды нәтижеге қол жеткізіледі. Аталған жоспарлауда мына жұмыстар ескерілгені жөн:

Бұның бәрі өз кезегінде музыка педагогикасына сәйкес келетін жалпы және арнайы дидактикалық принциптерге жүгінуді талап етеді. Атап өтсек: оқытудың тәрбиешілігі, ғылымилығы, саналығы, өмірмен байланыстылығы деп тұжырымдаймыз. [3, 4, 5]

Хор материалдарын, яғни, музыкалық шығармаларын меңгертудің ғылымилығы студенттерге музыка педагогикасында қалыптасқан ұғымдарды үйретуді талап етеді. Вокальді хор шеберлігі саласында әншілік білімдер физиология, психология тұрғысында миоэластика, нейромоторика теориялары негізінде дамығандығы белгілі. Осы бағытта студенттерді дауыс аппаратының құрылысы, әншінің тыныс алуы, әншіліктің техникалық дағдыларын меңгеруі, хормен қосылып айтудың мәнерлігі (интонация, ансамбль, т.б.) жөніндегі ғылым жетістіктері туралы мағлұматтармен қаруландырудың маңызы зор.

Музыка педагогикасы саласындағы вокальді хор ғылыми білімдерді терең меңгерту ісі нақты құбылыстар мен заттарды талдау (анализ) және насихаттау (синтез) арқылы болатын ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды меңгерту нәтиже ісінде жүзеге асырылады. Жұмыс барысында студенттерге мүмкіндігінше хормен ән салу заңдарын үйрену, осы заңдарды қамтитын музыкалық іс-әрекеттердің сипатын аша түсу керек.

Хормен ән салудың ғылыми принципіне байланысты студенттердің байқау, эксперимент, іздену жұмыстарын жүргізудің, ғылыми еңбектерді пайдалану жолдарын үйретудің және біртіндеп жеке ғылымдардың зерттеу әдістерін меңгертудің де жолдарын қарастырудың мәні зор.

Әнші дауысы мен дыбыстар қалыптастыру жөніндегі бүгінгі ғылымда қалыптасқан ғылыми мағлұматтар хормен ән салуға үйретуде педагогикалық принциптерге сүйенуге қолайлы жағдай жасай алады. Осы мақсатта студенттер әрбір вокальдік (әнші регистрі, тыныс алу техникасы т.б.) хормен ән салу (интонация, ансамбль т.б) құбылыстарының мәнін және практика жүзінде іске асырылу процесі туралы хабардар болуы қажет. Сондықтан, хормен ән салудың ғылымилығы музыка саласындағы ғылыми білімдер негізінде студенттердің ғылыми көзқарасын, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың басты шарты болып саналады.

Хормен ән салуға үйретуде сапалылық принципі студенттердің музыкалық шығарманың мазмұндық және көркемдік образын, көркемдігін, сонымен бірге музыкалық дыбыстардың сапасы – түрлі сападағы музыкалық дыбыстардың түзілуінің себеп-салдарын ұғынумен анықталады. Хор әншілері сапасы төмен, тембрі жағынан жағымсыз дыбыстардың себебін және оларды болдырмау амалдарын білгендері дұрыс. Осыған байланысты әнді орындау процесіндегі құбылыстар (сандар) мен дыбыстарды түзу технологиясы (себеп) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ашып, мәнін түсіну, талдау, сараптау, студенттердің хор шығармаларын саналы түрде үйрену, орындау шеберлігінің маңызды шарты екендігін айғақтайды.

Ал, музыкалық материалға байланысты саналалық принципі студенттердің ән мәтінін құрғақ түрде жаттамай, оның шын мәнінде түсінуін, жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Жаңа шығармалармен таныстыру процесінде студенттердің танымдық деңгейлерін арттыруға бағытталған терминдермен, жаңа вокальді-хор дағдыларымен таныстырудың да орны ерекше.

Жаңа білімдерді меңгергеннен кейін оны студенттердің қабылдау дәрежесіне, жаңа материалдың бұрынғымен байланысын, алған білімдерді жаңа ситуацияларда, практикалық іс-әрекеттерде қалай пайдалану іскерліктерін назарда ұстау қажет. Белсенді түрде ойлау жұмыстары процесінде студенттерде ассоциациялар қалыптасады, яғни талдаушылық (анализ) синтетикалық әрекеттер іздерінің тізбегі құрылады. Олар К.Д.Ушинский атап көрсеткендей аралас, ұқсас, бір-біріне қарама-қарсы, уақытша, жүрек сезіміне байланысты, ақыл-парасатқа байланысты ассоциациялар болып табылады.

Вокальді-хор білімдерінің шамаға лайықтылығына ғылымилық принциптерге сүйенер себебі – дыбыстарды қалыптастырудың және қалыптастыруға қалай ықпал етуге болатындықтың, студенттердің музыкалық, вокальді-техникалық, көркемдік дамуының заңдылықтарын білмейінше, студенттердің шамасына лайықтылығы есепке алынуы мүмкін емес.

Сондықтан, студенттердің шамасына лайықтыны дәл, дұрыс анықтай білу міндетті түрде психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктеріне объективті нәтижелері анықталуы тиіс. Шамаға лайықтылық принцип вокал-хор педагогикасының бірізділік пен сабақтастық принципі хор мүшелерінің әншілік дағдыларының қалыптасуы, оқу материалдарын (жаттығулар, көркемдік шығармалар материалдары т.б.) меңгерту барысында қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға сияқты принциптердің жүзеге асуын қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Осылайша вокальдік-техникалық көркемдік дағдыларын бірте-бірте күрделендіре түсу – дағдыларды тиімділікпен жоғарлатуға, жетілдіруге мүмкіндіктер туғызады. Хормен жұмыс әрине ұжымдық сипатта болады. Алайда, әр студенттің типологиялық-психологиялық ерекшеліктері, мінезі мен темпераменті арқылы пайда болатын музыкалық қабілетін анықтау, олармен жеке жұмыстар мен әдістерді қолдануды талап етеді.

Сонымен бірге, әр студенттің дыбыс аппаратының өзіндік ерекшеліктері де болуы мүмкін. Ондай жағдайда, өзіндік дыбыс қалыптастыру, дыбыс тембрі сияқты арнайы сабақ өткізу шарт.

Вокальді-хор педагогикасында білім берудің практикалық іс-әрекеттердің көркемдік және техникалық бірлігі және принципі жетекші рөл атқарады. Хормен ән салу процесінде түрлі әншілік міндеттерді орындауға, түрлі мәнерлі ән салуға байланысты дыбыс аппараты органдары, ерекше жағдайларға икемделіп, бейімделіп өзінің функцияларын өзгертіп отыратындығы белгілі. Яғни дыбыс қалыптастыру органдарының арасында түрлі байланыстар жүзеге асырылып, динамикалық стереотиптер жасалады.

Осы ретте әншінің дыбыс шығарушы мүшелерінің (тіл, көмекей, дыбыс желбезектері) біздің санамыздан тыс әрекеттерін ескерту керек. Дыбыс аппараты органдарының ән салуға байланысты есту органдарының қызметі арқылы қозғалыс орталықтарына адамның дыбыс жөніндегі қалыптасқан ұғым-түсініктері арқылы басқарылады. Ал бұл ұғым түсініктері дыбыс аппараты органдарының жұмысына, оның функцияларының реттелуіне айтарлықтай ықпал ететін әуеннің сипаты мен оның эмоциональдік мазмұнымен, музыкалық-мәндік мәнерімен анықталады.

Өз кезегінде әнші-орындаушының (көркемдік сапасы, дыбыс органдары) әуезінің мәнерлі болуы, дыбыстардың көркемдік сапасы – дыбыс қалыптастыру технологиясына, вокальдік-техникалық, атап айтқанда артикуляциялық аппараттың, резонаторлардың тыныс алу дағдыларының қалыптасу дәрежесіне байланысты болып келеді. Сөйтіп, түрлі қалыптағы музыкалық шығарманың эмоциональдік мазмұнын жеткізу – жоғарғы және төменгі резонаторлардың, әнші тынысының регистрлер күйінің сапасына тікелей қатысты екендігіне ән салудағы көркемдік пен техникалық дағдылардың біртұтас екендігіне көз жеткіземіз.

Хормен ән салу әншілерді шығарманы студенттерді бұл процеске жұмылдыратын музыкалық туындыларды орындаудың өте-мөте шамаға лайықты, демократиялық формасы ретінде студент жастардың жалпы музыкалық мәдениетін жоғарлатудың, көркемдік талғампаздығын дамытудың ең қуатты құралы ретінде қарастырылуында. Сондықтан, осындай кең ауқымды жұмыс белгілі кезеңдер арқылы жүзеге асырылғанда ғана көздеген нәтижелерге қол жеткізіледі. Ол кезеңдер – хормен орындалатын шығарманы алғашқы таныстыру, үйрету және мәнерлі орындау болып табылады.

Алғашқы таныстыру аса жауапты кезең болғандықтан жан-жақты даярлықты талап етеді. Бұл жердегі басты мақсат – студенттердің шығарманы эмоциональді түрде қабылдауын қамтамысыз ету. Бұл кезеңде әнді дыбыс құралдары көмегімен немесе әншілердің орындалуында тыңдату, шығарманың авторлары, шығу тарихы, музыкалық-поэтикалық мазмұны, музыкалық тілі, әуен қозғалысындағы ерекшеліктер әңгімеленіп, пікірлер алмастырылады. Келесі кезеңде хорға арналған шығарманы үйрету, мәнерлі орындауға әншілік дағдыларды қалыптастыру, дұрыс интонациялау, қосылып ансамбльде орындай білу жұмыстары бір-бірімен тығыз байланыста, үнемі сабақтастықта, үйлесімділікте жүргізідіп отырады.

Хормен ән салу жұмысының келесі бір маңызды бағыты – репертуар таңдау. Мұның маңызды болатын себебі – түрлі хор шығармаларын үйреніп орындау процесінде студент жастардың биік көркемдік талғампаздығын, идеалы мен сенімі, дүниетанымы, ізгілікті көзқарастары, азаматтық сапа қасиеттері қалыптасатындығында. Сондықтан хор репертуарына көркемдік-идеялық және интонациялық көркемдігі бай шығармалар іріктелінеді.

Студенттер хорының репертуарына халық әндері, халық композиторларының әндері, батыс және ТМД елдеріндегі классикалық шығармалар енгізіледі. Егемендікке ие болған тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің шығармашылық бірлестіктері репертуарларындағы соңғы жылдары қазақ халқының әндерімен толықтырылды. Халық әндері жөніндегі « әндер ата-баба өмір тіршілігі жайлы мағлұматтар беріп, қоғамның түрлі тарихи кезеңдеріндегі ой-қиялы, сана-сезімі, қарым-қатынасы, аса маңызды оқиғалар жайлы сыр шертеді» демекші, студент жастардың құнды адамгершілік қасиеттері мен ұлттық сана-сезімдері қалыптасады [6, 14].

Хор репертуарында «нағыз терең ойлы, ғасырлар тезінен өткен, адамның жан дүниесін байытатын музыкалық шығармаларға» ғылыми тұрғыдан баға бере білу мүмкіндігін қалыптастыратын мәңгілік өмірмен Бахтың, Моцарттың, Бетховеннің, Чайковскийдің ұлы туындыларында қарастырылуы тиіс.

Хор ұжымында студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін талдау, хормен ән салудың аса күрделі сан қилы шығармашылық әрекет екендігін, оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі мол құрал бола алатындығын көрсетеді.


Әдебиеттер:

Ушинский К.Д., - Родное слово, собр. Соч. Т 2, М, 1978, 439 стр.

А.Троузенская.,- И петь и слушать (муз. обучения в общобр. школе), «Солветская педагогика», М, 1966, № 4, с. 101-103.

Педагогика.,- новый курс. М, Владос, 1999, 576 стр.

Педагогика.,- под ред. Б.И.Пидкасистого, М, 1998, 640 стр.

Хлабузов Б, Попов В, Добровольская Н., - Методика музыкального воспитания, М, Музыка, 1989, 175 стр.

Ккльманова Ш.Б.,- Теория и практика воспитание младших школьников средствами казахской народной музыки, А, Ғылым, 1999, 361 стр.



1363578967296514.html
1363660101696793.html
1363697139316373.html
1363795104928868.html
1363955613126380.html